Жылдың үздік еріктілері марапатталды

Балалар

23:45 20 Қазан 2021

Асыл Ахметованы желі қолданушылары жылқышы қыз деп танып жатады. Бойжеткен бір жыл бойы әлеуметтік желіде белсенділік танытып, нағыз қазақ қызының түр-тұлғасын көрсетуде. Асыл ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүр, өз ауылының тыныс-тіршілігін де көрсетеді. Ал ең бастысы, заман игілігінің мүмкіндігі арқылы жұртшылықты көмекке мұқтаж жандарға көңіл бөлуге шақырады.

Бүгін Асыл «ASAR» облыстық волонтерлер слетінде «ASYL MURA» номинациясы бойынша марапатталды. Яғни, әлеуметтік желі арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттап, көпшілікке таныстыруға өзінің бір үлесін қосқаны үшін.

Асыл Ахметова:

– Белгілі бір ұйымға мүшелік етіп, волонтерлықпен айналысқан жоқпын.42 Әлеуметтік желіде біраз оқырмандарым жиналғаннан кейін сбор аштым. Осылайша кішкентай бүлдіршіндердің еміне ақша жинадым. 2-08 Қазір көп адам әлеуметтік желіде отырады. Сол себепті, сол жандарға, келер ұрпаққа осылайша дұрыс бағыт көрсетейін деп шештім.

Бүгін оқушы Юлия Штрак та марапатқа ие болды. Ол аз қамтылған отбасылардың үйіне барып, балаларына сабақ оқуға көмектеседі.

Юлия Штрак:

Өзімнің оқу үлгерімім жақсы. Сол себепті, осы білім бағытын таңдадым. 5-ші, 6-шы сынып оқушыларына қосымша сабақ беремін. Білгеніммен бөлісемін. Бұдан бөлік өзге де волонтерлермен қосылып, зейнеткерлерге де көмектесеміз.

Жалпы, бүгін еріктілер жиналған іс-шарада 7 бағыт бойынша 21 жас марапатталды. Олардың әрқайсысына 30 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен кәдесый тарту етілді. Айта кету қажет, жалпыұлттық «Birgemiz» жобасының үздіктерін анықтау жыл сайын ұйымдастырылады.

Рустем Арманов, “Қазақстанның болашағы үшін” қоғамдық-студенттер бірлестігінің төрағасы:

Жалпыұлттық «Birgemiz» жобасы 7 бағытқа бөлінеді. Әр номинация бойынша 3 жас марапатталады. Бағыттарға тоқтала кетсем, білім, таза әлем, саулық, сабақтастық және қамқор сынды бағыттар. Бұл конкурсқа кез келген солтүстікқазақстандық қатыса алды.

Бүгінгі таңда өңірімізде 5 мыңнан астам ерікті бар. Оның 1600-ден астамы қоғамдық істерге белсенді түрде қатысады.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Тұңғыш Президент күніне орай экскурсия ұйымдастырылды
НЗМ оқушылары ғылыми-өлкетану экспедициясынан оралды
Қазақстанда волонтер-студенттерге ақшалай сыйақы беріледі