Халық санағынан 300 мың солтүстікқазақстандық өтті

Қоғам

23:39 19 Қазан 2021

Халық санағының аяқталуына тура 11 күн қалды. Өңірде науқанның жүргізілуі бәсеңдеген. Бүгінде 300 мың солтүстікқазақстандық сұхбаттан өтіпті. Оның ішінде 58 пайызы сұрақтарға онлайн форматта жауап берген. Қазір науқанға тартылған 500 маман аула-аулаларды, пәтер-пәтерлерді аралап жүр. “Алайда, мұндай шаруа кей кезде өз нәтижесін бермейді”,- деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. Себебі, тұрғындардың бірі есігін ашпаса, енді бірі онлайн-санақтан өтуі туралы хабарламаны көрсетпейді. Осылайша, процесс тежелуде. Бұл ретте науқанның маңыздылығын атап өту қажет. Халық санағы мемлекет басқаруында шешуші рөл атқарады. Он жылда бір рет ұйымдастырылатын шара қазақстандықтардың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Санақ нәтижелері экономикалық болжауға, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге, құрылыстың және басқа да салалардың даму векторын анықтауда қолданылады. Бір сөзбен айтқанда, мұның бәрі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жасалып отыр. Мен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын халық санағына белсенді қатысуға шақырамын. Бүгінде сауда үйлерінің, дүкендердің, мемлекеттік мекемелер мен базарлардың аумағында санақтан өту үшін 88 нүкте ашылған. Санақшылардың үйге келуін күтпей, санақ орнына келіп, мәлімет ұсынуға шақырамын.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Ұлттық валютаға – 28 жыл
Өңірде білікті имамдар жетіспейді
Мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтті
Еріктілер жалғызбасты зейнеткерге көмектесті
Жыл басынан бері өңірде 900-ге тарта пәтер тапсырылған
Сергеевка қаласындағы қандастардың жағдайы
Өңірде “e-апостиль” бағдарламасы іске қосылды
Жастарға жемқорлықтың қатері жайлы айтылды
СҚО-да әр 4-ші отбасы ажырасуға шешім қабылдайды
Өңірге жұмыс сапарымен Сенат депутаттары келді
Арман болған үй әбігерге салып отыр
СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 10 айды қорытындылады