Спорт

VII “Ақ бидай” республикалық ауыл спорттық ойындары жалғасуда

Маңғыстау облысында VII “Ақ бидай” республикалық ауыл спорттық ойындары өтіп жатыр. Қазанның 11-і күні бастау алған дүбірлі додада солтүстікқазақстандық спортшылар бірқатар жүлде еншілеп үлгерді. Атап айтсақ, гір тасын көтеруден облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте алтыннан алқа тағынды. Ал көпсайысшылар мен қазақ күресі палуандары 2-ші орынға табан тіреді. Сонымен қатар, асық атушылар қоланы қанағат тұтты. Республикалық ауыл спорттық ойындары сәрсенбі күні мәресіне жетеді.

Алдияр Айтпаев