Спорт

Жергілікті “Qyzyljar” футбол клубы қостанайлық “Tobol”-дан ұтылды

Петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы да қостанайлық “Tobol”-дан ұтылды. Ел біріншілігінің 24-ші туры аясында Қарасай стадионында өткен тартысты матч 0 де 2 есебімен аяқталды.Чемпиондыққа үміткер қонақтар әр таймда бір-бір голдан соқты. Жан алысып, жан беріскен ойында жергілікті футболшылар да көзге түсті. Алайда оралдық төреші солтүстікқазақстандықтардың қос голын санамады. Теріскейлік ұжым жеңілгенімен турнирлік кестедегі 4-ші орынды сақтап қалды. Чемпионат 2 турдан соң аяқталмақ. “Qyzyljar”-дың ендігі қарсыласы – “Atyrau” құрамасы. Матч қазанның 24-і күні Жайық жағасында өтеді.

Байболат Култанов