Петропавлда жаңа ота түрі жасалды

Денсаулық сақтау

21:57 18 Қазан 2021

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөлімінде отаның жаңа түрі жасалуда. Операциялық үстелдегі нәзікжандының аяғындағы бас бармақтар деформацияға ұшыраған. Бұрын денедегі мұндай ақауды дұрыстау үшін наркоз қолданылып, емдеу процесі қиын әрі ұзақ уақытты талап еткен. Бүгін жергілікті дәрігерлер жаңа технологияның арқасында отаны жарты сағаттың ішінде бітірді. Шеберлік сағатын елордадан келген білікті маман көрсетуде.

Қайрат Тәжин, Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының бөлімше меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы:

– «Шағын инвизивті» тәсіл арқылы кішкентай тілік жасаймыз. Сол арқылы майысқан сүйекті қалпына келтіреміз. Бүгін 4 адамға ота жасадық. Соңғысын солтүстікқазақстандық дәрігерлер өздері істеді. Мамандар білікті, тез үйреніп алды. Мен қастарында қадағалап тұрдым.

Аяқтағы бас бармақтың деформациялануы көбінесе әйел адамдар арасында жиі кездеседі. Себебі, нәзікжандылардың буындары ерлерге қарағанда әлсіз келеді екен. Осыған байланысты соңғы жылдары дәрігерлердің көмегіне жүгінетіндердің саны артқан.

Қайрат Тәжин, Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының бөлімше меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Бұрын пациенттер гипспен жүретін. Оның үстіне екінші аяқты емдеу үшін 6 ай күтетін. Мұның барлығына көп уақыт кетеді. Ал жаңа технологиялардың арқасында қазір қос аяққа бірден ота жасаймыз. Сондай-ақ, адам арнайы ортопедиялық аяқ киімнің көмегімен 1 күннің ішінде жүріп кетеді.

Оңалту уақыты да аз. Ота жасалған адам 2 аптадан соң жұмысына да, оқуына бара алады. Айта кеткен жөн, мұндай операция бүгін облысымызда алғаш рет жасалды.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Солтүстікте 143 адам коронавирус жұқтырған
КТ, МРТ арқылы көрсетілген қызметтердің көлемі 4 есеге артты
Өңірде мұсылман дін қызметкерлерінің 80 пайызы екпе алған
№2 қалалық емханада 200-ге жуық адам “Comirnaty” вакцинасын алды
№2 қалалық емханада 8 мобильді бригада жұмыс істеуде
СҚ кәсіби педагогикалық колледжінде шеберлік сағаты өтті
Қала мектептерінде коронавирусқа қарсы екпе егілуде
Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз
Соңғы тәулікте 150-ден астам солтүстікқазақстандық тәж вирусын жұқтырған
Ұжымдық иммунитет қалыптастырған елдерде шектеулер алынды
№3 қалалық емхана базасында 23 мыңнан астам адам екпе алған
235 мың солтүстікқазақстандық иммундау шарасынан толық өткен