Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі ауысты

Аптадағы маңызды жаңалықтар

21:54 15 Қазан 2021

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Аудан әкімі лауазымына Серік Мұхамедиевтің кандидатурасын ұсынамын.

Актив көп бөгелместен жаңа әкімнің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Серік Мұхамедиевке зор сенім артылып отыр. Аудан басшысы өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта облыстың дамуына серпін беретін инвестиция тарту ісіне қарқын қосуы қажет. Атқамінердің бұл бағытта тәжірибесі мол. Ол бизнес саласында жұмыс істеді, түрлі фирманы басқарды. 2016 жылдан бері құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Серік Мұхамедиев, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

– Ағзам Ахметжанұлы бұл ауданды көшбасшылардың қатарында ұстады. Одан асып түсу өте қиын болады. Бірақ, мен қойылған міндеттерді орындауға тырысамын. Біз қиындықтарға қарамастан тек алға жылжуымыз керек. Бұл істе маған жергілікті актив пен депутаттар қолдау көрсетеді деген ойдамын.

Жаңа әкім тағайындалып, есептік тыңдалым өткеннен кейін өңір басшысы Новоишимкада салынып жатқан 20 мегаватттық қазандықтың құрылысымен танысты. Жобаны жүзеге асыруға 1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған. Қуатты қазандықкөпқабатты 29 үйді жылумен қамтамасыз етпек. Болашақта оған тағы 57 нысанды қосуға мүмкіндік бар.

Мамырбек Шамшетов, “Қарағанды-Котломаш” ЖШС учаске басшысы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

Біз 4 қазандық орнатамыз. Апат болған жағдайда да 2 қазандық жұмысын тоқтатпайды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталды. Қазір іргетасын қалап жатырмыз. 25-іне қарай ғимараттың қабырғасын көтеруге кірісеміз.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Біз көпқабатты үйлердің арасында орналасқан бірнеше қазандықты қарадық. Мұндай қазандықтардан үнемі түтін, күл тарап, ыңғайсыздық тудырады. Оған қоса, тарифтері әр түрлі. Сол себепті, ескірген қазандықтарды жаңғыртуды, нақтырақ айтсақ, біріктіріп, қуаттылығын арттыру туралы шешім қабылданды. Оң өзгерісті тұрғындар сезінуі қажет. Яғни, үйлері жылы болуы керек және жылуға аз төлеулері тиіс.

Жаңа қазандық келесі жылы іске қосылмақ. Қазір аудан орталығында кәріз желілері мен тазарту қондырғылары салынып жатыр. Шаруаға
3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бүгінге дейін мамандар 25 шақырым желі орнатыпты. Жұмыс келесі жылы аяқталмақ.
Құмар Ақсақалов жеңілдетілген несие арқылы берілетін жаңа 50 пәтерлі үйдің құрылысымен де танысты. Мердігер құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты істің бастапқы кезеңінде қиындықтарға тап болып, мәселе шешілген екен. Құрылысшыларды қазір өзге түйткіл алаңдатып отыр.

Қарыбай Шаяхин
, “ПМК-5” ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Бізді бір мәселе алаңдатады – дизель отынының тапшылығы. Қажетті сұйықтықтың жоқтығынан жүк тасымалдау тоқтап тұр. Проблеманың жақын арада шешілгенін қалаймыз. Іске келетін болсақ, терезелерді, жылу құбырларын орнаттық. Іргені көтеріп жатырмыз.

Жоспар бойынша ғимарат осы жылдың соңында тапсырылуы қажет. Бірақ, орын алған проблеманың салдарынан мердігер үлгермеуі мүмкін. Құмар Ақсақалов бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды. Соңғы нысан – Привольныйдағы сүт фермасы. 640 басқа шақталған өндіріс ошағына, әзірге, 466 тұяқты жеткізілпті. Мал басы толыққанда күніне 4,5 тонна сүт өндірілмек. Жаңа кешеннің ашылуымен 35 адам жұмыспен қамтылған.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Өрт қауіпсіздігі облыстық әкімдік отырысында қаралды
Қазақстандықтардың 42,5% халық санағын онлайн форматта өтті
Балалар қауіпсіздігіне баса назар аудару қажет
Құмар Ақсақалов онлайн қоғамдық қабылдау өткізді
Нұротандықтар қоғамдық кеңес отырысын өткізді
Тұрғындар жер мәселесі бойынша облыс әкіміне жүгінді
Облыстық әкімдік отырысы өтті
“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 3,5 мың ауылдың көркі кіреді
Ревакцинациядан мыңға жуық теріскейлік өтті
Облыс әкімі онлайн қабылдау өткізді
Құс фабрикалары жұмыртқаны негізсіз қымбаттатқан
Шал ақын ауданында таза ауызсу мәселесі өткір тұр