Қылмыс

Петропавлда аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған қыз ұсталды

Ұсталған қыздан 33 полимер түйіншек тәркіленді. Оның барлығы – синтетикалық есірткі. Сұрақтың астына алынған петропавлдық полицейлердің құрығына бірінші рет түсіп тұрған жоқ. 25 жастағы пысықай осыдан 2 жыл бұрын да ұсталыпты. Ол кезде зиянды заттар саудаланатын веб-ресурстарды жарнамалап үйлердің қабырғасына граффити салғаны үшін айыппұл арқалаған екен. Бұл жолғы жаза ауыр болуы мүмкін. Заңға сәйкес, есірткі сақтағандар 7 жылға дейін темір торға тоғытылады.

Руслан Үмбетов, СҚО ПД аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

– Сот-химиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес, «альфа-PvP» синтетикалық есірткі болып табылды. Жалпы салмағы – 15,3 гр. Бұл аса ірі көлемге жатады. Қылмыскерге қатысты ҚР Процестік кодексінің 150-і бабы бойынша қамау бұлтартпау шарасы берілді.

Жыл басынан бері өңір полицейлері «есірткіні белгілі бір жерге жасыру» ісімен айналысты деген күдікпен 13 адамды ұстаған. Жалпы биыл заңсыз айналымнан 404 келіден астам зиянды зат алынған. Оның 4 кг-нан астамы – синтетикалық өнім.

Байболат Култанов