Солтүстікқазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап жоба дайындады

Мәдениет

21:02 13 Қазан 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мамандары ерекше жоба әзірледі. 9 бейнеролик, әрқайсысы – 2 жарым минуттан. Видеоға елімізге танымал музыкант, композиторлар мен актерлер қатысқан. Жобадан өңірдегі жас таланттар да шет қалмады. Жоба авторлары бұл жұмыспен ұл-қыздардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, дарынды тұлғалардың өмір жолын үлгі етіп көрсеткілері келгендерін айтады. Бейнероликке түскендердің барлығы өздері мен үлгі тұтатын тұлғалары жайлы ойларымен бөліскен. Жалпы, түсірілімге 40-қа жуық адам ат салысып, 2 айдың ішінде еңбек дайын болыпты. Осы үшін арнайы саундтрек те жазылған екен.

Данияр Маекенов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:
– Биыл Қазақ елі Тәуелсіздігінің 30 жылына қадам басып отыр. Осыған орай СҚО әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы “Tәуелсіздік music vibe” by Qyzyljar деген жоба әзірледі. Осы бейнероликтер мәдениет басқармасының ғаламтор желілерінде көрсетілетін болады.

Александр Янцен, жобаның режиссері:
– Осы жобаны түсіру барысында солтүстікқазақстандық жастардың қаншалықты өнерлі екеніне көзім жетті. 2 ай ішінде зор қызығушылық танытып, түрлі идея ұсынған қыз-жігіттер көп болды. Бұл – көңіл қуантарлық жағдай. Демек, алдағы уақытта өңір мәдениеті одан әрі дами түспек. Жалпы, бейнематериал көрермен көңілінен шығады деп ойлаймын.


Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда “Сана” әдеби-музыкалық клубы ашылды
Ұлттың тұтастығы мен жердің бүтіндігін сақтаған жандар
Облыстық қуыршақ театры 32-ші маусымын ашты
Явленкадағы мәдениет үйі жөнделіп жатыр
«Асыл мұра» орталығының негізін қалаушылардың құрметіне мемориал тақта орнатылды
Алматылық театрдың Петропавлға жасаған гастрольдік сапары аяқталды
Облыстық филармония 57-ші концерттік маусымын ашты
Петропавлға алматылық театр гастрольдік сапармен келеді
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде қос көрме жұмыс істеуде
Алаш қозғалысына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті
Шаһарда “Жүз жылдық махаббат” спектаклі сахналанды
Қызылжарға М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры келді