Нысандардың мүгедектер үшін қолжетімділігін арттыру қажет

Қоғам

21:06 13 Қазан 2021

Михаил Гвоздев – 1-ші топтағы мүгедек. Денсаулығында ақау осыдан 15 жыл бұрын пайда болыпты. Сол кезде дәрігерлер оған «шашыраңқы склероз» диагнозын қойған. Уақыт өткен сайын дерт үдей түсіп, ақыр соңында азамат мүгедек арбасына таңылған. Жарымжан адамдардың күнделікті өмірде қандай кедергілерге тап болатынын сонда түсіндім дейді петропавлдық. Қазір қала тұрғыны қоғамдық орындарға жиі барады екен. Әсіресе, мемлекеттік мекемелерде көп болады.

Михаил Гвоздев, қала тұрғыны:

– Қаладағы мемлекеттік мекемелерде мүгедек жандар үшін тиісті жағдай жасалып жатыр. Бұрынғыға қарағанда кемшіліктер түзеліп келеді. Бірақ, кейбір қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерде пандустар тиісті талапқа сай келмейді. Сол себепті, қалаған жердің көбіне кіре алмаймыз.

Өзекті мәселе – назарда. Бүгінде облыста “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмыстар жүріп жатыр. Құжаттың “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” атты бөлімінде 2025 жылға дейін қоғамдық орындардың барлығында бірдей кембағал жандарға тиісті жағдай жасау туралы жазылған. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жергілікті департаментінің өкілдері түрлі нысандарды аралап, мониторинг жүргізуде.

Гауһар Ғабдуллина, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

– Осы жылдың басынан бастап департамент мамандары 85 обьектіні тексеріп, 200-ден аса бұзушылық анықтады. Оның нәтижесі бойынша 65 ұйғарым берілді.

Ережеге сәйкес, мүгедек жандардың нысанға көтеріліп-түсуі үшін ыңғайлы пандустар, шақырту түймесі, кең кіреберіс, бағыттаушы жолақтар сызылып, арнайы дәретхана орнатылуы қажет. Тіпті, санитайзерлер де қолжетімді биіктікте орналасуы тиіс. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда мекеме басшылығы жауапқа тартылады.

Гауһар Ғабдуллина, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

– Лауазымды тұлғалар объектіге қолжетімділік жағдай жасамағаны үшін – 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектісі – 120, орта -200, ірі кәсіпкерлік субъектісіне 400 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Жалпы, қазіргі күні Солтүстік Қазақстан облысында 25 мыңнан астам адам мүгедектік санатында тұр. Алдағы 4 жылдың ішінде өңірімізде осы жандарға арналып 1300-ге жуық нысан тиісті құралдармен жабдықталады.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Халық санағынан 300 мың солтүстікқазақстандық өтті
Налобино ауылындағы оң өзгерістер
Сергеевкаға сән кірді
Бала туғанда берілетін жәрдемақыны рәсімдейтін жаңа жүйе іске қосылды
Мектеп асханаларындағы тамақтың сапасы сын көтере ме?
Петропавлда «Business Lady Qazaqstan» байқауы өтті
Петропавлдағы 97 нысанда мүгедектерге тиісті жағдай толық жасалмаған
Болат Қожахметов 75 жасқа толды
Бескөлде қарттар арасында жарыс өтті
“Қайырымдылық керуені” байқауына өтінім қабылдау басталды
Өңірдің жаңа бас имамы тағайындалды
Ертең зейнеткерлер қоғамдық көлікпен тегін қатынайды