Спорт

Велошабандоз Алексей Луценко халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық! “Astana” командасының үздігі, атақты жерлесіміз Алексей Луценко кезекті халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл жолы шашасына шаң жұқпас велошабандоз Италия елінде өткен “Коппа Агостони” біркүндік додасында мәре сызығын бірінші болып кесті. Тартысты бәсекеде отандасымыз 180 шақырымдық жолды 4 сағат 19 минут 44 секундта бағындырды. Ал екінші және үшінші орындар италиялық спортшыларға бұйырды.

Байболат Култанов