Қоғам

Теріскейге қоныс аударушыларға арналған ақпараттық-кеңес орталығы құрылды

Аққайыңдар өлкесіне көшу үшін қандай құжаттар жинау қажет? Өңірде қандай мамандық иесі сұранысқа ие? Су жаңа баспанаға қалай қол жеткізуге болады? Осы және өзге де сұрақтармен отандастарымыз Петропавлдағы ақпараттық-кеңес орталығына жүгіне алады. Мамандар телефон және әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы консультация өткізіп, қоныс аудару турасында бағыт-бағдар бермек. Ұйым 2 ай бойы пилоттық режимде жұмыс істейді. Егер жобаның нәтижелілігі дәлелденсе, орталық шаруасын әрмен қарай жалғастырмақ.

Әнуар Тоқпанов, Елдің еңбек күші артық өңірлерінен қандастар мен азаматтарды қабылдау жөніндегі ақпараттық-кеңес орталығының жоба жетекшісі:

– Біз қандай ауылда бос жұмыс орны барын анықтаймыз. Оларды түстіктен тартатын боламыз. Осы айға жоспарымыз бар. Осы жұма аудандардағы салынып жатқан үйлерді қараймыз. Ал, келесі аптада Түркістан мен Қызылорда облыстарына барамыз.

Бердимурат Баймухан