Kurultai banner mobile

Қылмыс

Тайынша ауданында көкшетаулық жүргізуші 14 қойды соғып өлтірді

Тағы да 14 қойды соғып өлтірді! Қазанның 10-ынан 11-іне қараған түні Тайынша ауданының Кременчуг ауылы маңында «ВАЗ 2115» көлігін тізгіндеген жүргізуші тұяқтыларды қағып кетті. Автокөліктің рөлінде 36 жастағы көкшетаулық отырған. Ол жолда келе жатып кенет қойлар шыға қалғанда тежегішті басып үлгере алмай қалған екен. Жүргізушінің өзі аман. Түнделетіп төрт аяқтыларды жолдан өткізбекші болған мал иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Бердимурат Баймухан