Спорт

Петропавлда үлкен теннистен әуесқойлар арасында ел біріншілігі өтті

Тенниссүйер қауым Петропалда бас қосты! Облыс орталығында әуесқойлар арасында үлкен теннистен ел біріншілігі өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 60-қа жуық спортшы қатысты. Ракеткашылар жұптық сайыста өзара сынға түсіп, мықтыны анықтады. Дода қорытындысы бойынша 1-ші және 3-ші орынды елордалықтар жеңіп алды. Ал, жүлделі екінші орынға қарағандылықтар табан тіреді. Салауатты өмір салтын ұстанатын жандарға медальдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Артур Сабитов,  жарысты ұйымдастырушы:

– Бұл жарысты әуесқой теннисшілерді қолдау үшін ұйымдастырдық. 6 қаладан келген спортшылар өнер көрсетті. Петропавлда мұндай жарыс бірінші рет өткізіліп отыр. Жалпы жүлде қоры 300 мың теңгені құрады.

Алдияр Айтпаев