2 күнде 2 өрт оқиғасы болды. Өткен сенбіде Петропавлда кондитерлік цех отқа оранды. Ғ.Мүсірепов 38 мекенжайы бойынша орналасқан нысанның 450 шаршы метрді құрайтын төбесі өртенді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжам бойынша от электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Қазір шығын көлемі есептелуде.
Ал, бүгін түсте “Береке” ықшам ауданында қамыс жанды. 1 гектар аумаққа тарап үлгерген тілсіз жауды сөндіруге 20 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпарға сүйенсек, жалын жақын маңдағы үйлерге жетіп үлгермеген. Өрттің шығу себебі алдағы уақытта анықталатын болады.
Бердимурат Баймухан