Қылмыс

Петропавл қалалық соты Юрий Глушковтың ісіне қатысты үкім шығарды

Петропавл қалалық соты Юрий Глушковтың ісіне қатысты үкім шығарды. Прокурор әйелін мылтықпен атып өлтіріп, қызын жарақаттаған Тимирязев ауданының тұрғынын 25 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Үкім шығарғанға дейін айыпталушы жапа шеккен тарапқа 2 млн теңге көлемінде материалдық шығын төлеген екен. Осыған байланысты сот Юрий Глушковтың жазасын жеңілдетіп, оған 23 жыл қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде жазасын өтеу жайлы шешім шығарды.

Бердимурат Баймухан