860-қа жуық солтүстікқазақстандық құтқарушы екпе ектірген

Денсаулық сақтау

22:05 7 Қазан 2021

Апаттың салдарын жою, қызыл жалынды сөндіру, оқыс оқиғаға тап болған жандарға көмек қолын созу. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінен көмек сұраған әр солтүстікқазақстандықтың қоңырауы осында келіп түседі. Мұндағы мамандар ең алдымен мәселенің мән-жайын сұрап, қызметкерлерді тиісті жерге аттандырады. Әр секунд маңызды. Бөгелуге де, қателесуге де болмайды.

Өзіне жүктелген міндетті тез әрі сапалы орындау үшін мамандарға ең алдымен біліктілік, екіншіден шапшаңдық керек. Бұл ретте адамның денсаулығы мықты болғаны жөн. Коронавирус белең алып тұрған шақта қатардан шығып қалуға болмайды. Сол себепті, қызметкерлердің барлығы індетке қарсы иммунитет қалыптастыру үшін егпе егу курсынан толық өтіпті.

– Жұмыста тәулік бойы отырамыз. Өзімнің және әріптестерімнің денсаулықтарын сақтау үшін вакцина алуға міндеттімін деп санадым.

– Біз тұрғындармен тікелей қарым-қатынаста жасамасақ та қоңырауларға жауап береміз. Адамдардарға барынша көмектесу үшін денсаулықтың мықты болғаны дұрыс.

«Қиын кезеңнен шығу үшін жұдырық болып жұмылу керек»,- дейді құтқарушылар.

Әділ Сыпайы, СҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:

– Инфекцияның таралу қаупін азайту өте маңызды. Ол үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Мәселені шешудің ең дұрыс тәсілі – вакцина алу. Менің ойымша адамдар екпе егудің маңыздылығын өздері түсінуі керек.

Мейрамбек Батырбаев, қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің фельдшері:

– Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі мекемесінде вакцинаның алдын алу шаралары ауқымды өткізіліп жатыр. Екпе егу шарасы сәуірдің 4-і күні басталды. Бүгінге дейін 742 адам вакцина алды. Қалған 10 пайызы денсаулығына байланысты кейінге шегерді.

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жалпы 870-ке жуық адам қызмет ететін болса, бүгінде оның 99 пайызы вакцинаның толық компонентін алған. Қалған 10 құтқарушы денсаулығына байланысты екпені алдағы күндері қойдырмақ. Бұдан бөлек, өрт сөндіру бөлімдерінде зарарсыздандыру жұмыстарына қарқын қосылған екен.

Мейрамбек Батырбаев, қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің фельдшері:

– Жұмысқа «Ashiq» бағдарламасынан өткендер ғана кіреді. Бөлімдер күнде залалсыздандырылады. Дене қызуын өлшейміз. 2 рет кварцтау жүргізіледі. Шағыммен келген маманды бірден оқшаулаймыз.

Коронавирус жұқтырып алған 3 маман оқшауландырылған. Қызметкерлердің жағдайы күн сайын жақсарып келе жатқандықтан жуық күндері жұмыстарына қайта оралады.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда “Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту” орталығы ашылды
Петропавлда 1 тәулікте 37 адам коронавирусқа шалдыққан
СҚО-да туберкулез дертіне шалдыққандар саны азайған
Өңірде тұмауға қарсы вакциналау жүріп жатыр
Дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру қорымен 11 дәріхана келісімшарт жасасқан
СҚО-да соңғы тәулікте 100-ге жуық адам коронавирус жұқтырып алды
Вакцинациядан өткен жандарға сыйақы беріледі
Өңірде карантин жеңілдетіледі
М.Жұмабаев ауданында 11 мыңға жуық адам вакцинаның толық курсын алған
Тайынша ауданында тұрғындардың жартысынан астамы екпе қабылдады
Өңірде эпидахуал тұрақсыз
СҚО-да бір күнде 71 адам коронавирус жұқтырды