Мәдениет

Явленкадағы мәдениет үйі жөнделіп жатыр

Явленка ауылындағы мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысанның сырты қапталып, терезелері ауыстырылуда. Бұл мақсатқа «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 64 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 57-сі – республикалық, қалғаны – облыстық бюджеттен. Шілденің соңында бастау алған жөндеу жұмыстары қазанның соңына дейін аяқталуы тиіс.

Нұркен Сисенбаев, Есіл аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы:

– Аудандық мәдениет үйі 72-ші жылы салынған. Одан кейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Соңғы рет 2000 жылдары ішіне ремонт жасалған, сырты қозғалмады. Подрядчиктер – Петропавл қаласынан, «СанТехЭлектроМонтаж» серіктестігі.

Алтынай Казиканова