Явленкадағы үйлердің 78 пайызына су тартылған

ТКШ

22:12 6 Қазан 2021

Осыған дейін 75 жастағы зейнеткер тіршілік нәрін өзі тасып жүріпті. Ал, құдық болса әжептәуір жерде орналасқан екен. Галина Масленникова: «Суды сонау жақтан әкелу – қиынның қиыны еді»,- дейді. Бұл күндер артта қалды. Қазір мамандар ауызсу жүретін құбырды зейнеткердің үйіне кіргізіп жатыр.

Галина Масленникова, Явленка ауылының тұрғыны, Есіл ауданы:

– Жасым ұлғайған сайын үй шаруасымен айналысу қиындап барады. Енді суды шелектеп алыстан тасудың қажеті жоқ. Бұл сәтті ұзақ күттік.

Есіл ауданының орталығын сумен қамтитын кәсіпорын – “Ақбұлақ-2020”. Кәсіпорын мамандарының айтуынша көшедегі құдықтар орталықтандырылған жүйеге жатады. Яғни, одан алған су үшін жан басына шаққанда 230 теңгеден төлеу керек. Осы ретте аталған кәсіпорын мамандары мүмкіндігі шектеулі жандар мен уақытылы төлем жасап тұрған зейнеткерлерге құбырды үйлеріне тегін тартып беріп жатыр.

Ал, қалтасы көтеретіндер мамандарды өздері шақырады. Тартылған құбырдың әр метрі 1000 теңге тұрады.

Мінайдар Тілеукин, Явленка ауылдық округінің әкімі, Есіл ауданы:

– Тұрғындардың үйіне ауызсуды құдықтардан көлденең бұрғылау әдісі арқылы тартып жатырмыз. Қазір үйлердегі қысым бірқалыпты, краннан су дұрыс ағып тұр. Алдағы уақытта өзге көшелерде құдық қазу жұмыстарын бастаймыз.

Бүгінде тіршілік көзі 6 мың тұрғыны бар ауылдағы үйлердің 78 пайызына кіргізілген.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

Биыл Бескөл ауылында 5 балалар алаңқайы орнатылды
“Есіл су” филиалының өкілдері баспасөз турын ұйымдастырды
Бармашы өзені арқылы өтетін көпір жөнделуде
Ғ.Мүсірепов ауданында кәріз тазарту нысаны іске қосылады
Петропавлда жылыту маусымы басталды
Балалар үйінің тәрбиеленушісін өлдіге санап, баспана кезегінен алып тастаған
“Бірге – таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті
Елімізде 215 мың тонна дизель отыны қалды
“Қызылжар су” серіктестігінің өкілдері баспасөз турын өткізді