Спорт

“Qulager” ХК-ның келесі қарсыласы – “Almaty” командасы

Жергілікті “Qulager” хоккей клубы оңтүстікастаналық “Almaty” командасын қабылдайды. Қос ұжым арасындағы кездесу қазанның 6-сы мен 7-сі күндері Петропавлда өтеді. Бірінші ойын кешкі сағат – 19:00-де, ал екінші матч 17:00-де басталады. Қазіргі таңда теріскейлік құрама 14 ұпаймен турнирлік кестедегі үздік бестікті түйіндеп тұр. Қарсыластары – 6 ұпаймен 11-ші сатыда.

Алдияр Айтпаев