Спорт

“Qyzyljar” ФК ақтаулық “Kaspiy” командасын қапы қалдырды

Футболшыларымыз да артқан сенімді ақтады! Кеше жергілікті “Qyzyljar” ақтаулық “Kaspiy” командасын қапы қалдырды.Сырт алаңда өткен тартысты матч 1 де 2 есебімен аяқталды. Бұл ойында тісқаққан жартылайқорғаушы Мусса Коне мен тасқамал қорғаушы Әлібек Қасым көзге түсті. 23-ші турдың қорытындысы бойынша петропавлдық ұжым турнирлік кестедегі 4-ші орынды сақтап қалды. Солтүстікқазақстандық аяқдоп шеберлерінің келесі қарсыласы – қостанайлық “Tobol”. Кездесу қазанның 17-сі күні Қарасай стадионында өтеді.

Байболат Култанов