Денсаулық сақтау

СҚО қайтадан “қазыл” аймаққа өтті

Эпидахуал туралы мәліметке кезек берейік. Солтүстік Қазақстан облысы қайтадан “қызыл” аймаққа өтті. Соңғы тәулікте 70-тен астам молтүстікқазақстандық коронавирус жұқтырып алған. Басым бөлігі – облыс орталығының тұрғындары. Стационарларда 700-ге жуық адам ем қабылдап жатыр. Бұл жалпы төсек-орындар жүктемесінің 60 пайызын құрайды.

Осы ретте ел көлеміндегі деректерді баян етейік. Соңғы тәулікте коронавирусқа 1700-ден астам қазақстандық шалдыққан. Вирус жұқтырғандардың саны бойынша алматылықтар көш бастап тұр. Оңтүстік астанада бір күнде 430-ға жуық жағдай анықталған. Қазір теріскей өңірінен бөлек, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары – “қызыл” аймақта. Ал, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда өңірлері – “жасыл” зонада. Қалғандары – “сары” статусында.

Эльмира Садвокасова