Спорт

Есіл ауданындағы Петровка селосында жүгіру алаңы салынып жатыр

Сондай-ақ, Петровка селосында жүгіру алаңы салынып жатыр.Жүгіру орны былтырғы жылы қойылған спорт кешенінің маңынан орын теппек. Айта кеткен жөн, онда футбол, баскетбол және 8 түрлі воркаут алаңы бар. Спорт кешенінің құрылысына облыстық бюджеттен 30 млн теңге бөлінген. Енді биыл 20 млн теңгеге жеңіл атлетикамен айналысу орны салынбақ. Шаруа келесі аптаның соңына қарай толығымен тындырылады деп жоспарлануда.

Оралбек Қоңқабаев, Петровка ауылдық округінің әкімі, Есіл ауданы:

– Оның көлемі – 1400 квадрат метр. 15 см тас қиыршығы төселеді. 5 см асфальт, оның үстіне резиновый тартан төселеді. Қазір мамандар келіп орнын белгілеп жатыр.

Алтынай Казиканова