Құтқарушылар зейнеткерлердің үйіне түтін датчигін орнатып берді

Қоғам

22:02 1 Қазан 2021

Қарттар күні жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері петропавлдық зейнеткерлердің үйіне бас сұқты.Мамандар жеке секторда тұратын аға буын өкілдерінің баспанасына түтін датчиктерін тегін орнатып, пештерін тексеріп берді. 72 жастағы Юрий Устинин жақында пешіне жөндеу жүргізіпті. Өзі сақтық шараларын үнемі қаперде ұстайды екен.

Юрий Устинин, қала тұрғыны:

– Жергілікті құтқарушыларға алғысым шексіз! Мереке күні ұмытпай, жылда құттықтап келеді. Әр үйде осындай түтін датчигі болуы қажет.

Даниэль Саркисян, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:

– Өткен жылы 30-ға жуық зейнеткерге үйіне түтін датчигін орнатып бердік. Бүгін 25 баспанада болдық. Өрт туындаған жағдайда заманауи құрылғы белгі береді, нәтижесінде адам өмірін сақтап қалуға болады. Қазір жылыту маусымы жүріп жатыр. Жеке секторда тұратын жандарды тиісті ережелерді сақтауға шақырамын.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны рәсімдейтін жаңа жүйе іске қосылды
Облыс орталығында “Мен қазақша сөйлеймін” акциясы өтті
Ботаникалық бақта пленэр өтті
Петропавлда «Business Lady Qazaqstan» байқауы өтті
Өңірдің жаңа бас имамы тағайындалды
Кембағал жандар арасында шығармашылық фестиваль өтті
Өзбекстаннан қоныс аударған ағайын көкөніс егумен айналысады
“Қайырымдылық керуені” байқауына өтінім қабылдау басталды
Нысандардың мүгедектер үшін қолжетімділігін арттыру қажет
Тұңғыш Президент саябағында 30 түп шырша отырғызылды
Үздік бастауыш кәсіподақтар ұйымы марапатталды
Биыл Есіл ауданындағы Петровка ауылына 14 жанұя қоныс аударған