Спорт

Жергілікті “Qyzyljar” ФК түркістандық “Turan” командасын қабылдайды

Спортсүйер қауымға құлаққағыс! Жергілікті “Qyzyljar” футбол клубы түркістандық “Turan” командасын қабылдайды. Матч қыркүйектің 26-сы күні Қарасай стадионында өтеді. Кездесу 16:00-де бастау алады. Естеріңізге сала кетейік, қос құрама арасындағы алғашқы ойында қарсыластарымыздың асығы алшысынан түскен болатын. Қазіргі таңда солтүстікқазақстандық ұжым 32 ұпаймен турнирлік кестенің 4-ші сатысында тұр. Көшбасында – елордалық “Astana”.

Алдияр Айтпаев