Қоғам

Өңірде 139 мыңнан астам адам онлайн санақтан өткен

СҚО-да 139 мыңнан астам адам онлайн санақтан өтті. Қыркүйектің 1-і күні елімізде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 3-ші халық санағы бастау алғаны мәлім. Қазір отандастарымыз электронды түрде анкета толтырып, отбасы мүшелері жайлы ақпаратты базаға енгізіп жатыр. Бүгінге дейін 139 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қашықтықтан сауалдарға жауап берген. Бұл – өңір тұрғындарының 25,9%.

Жалпы, қазір санақ жұмыстары 3 платформа арқылы жүзеге асуда. Олар: sanaq.gov.kz сайты мен egov.kz электронды үкімет порталы және Aitu мобильдік қосымшасы. Естеріңізге сала кетейік, биыл халық санағы онлайн және офлайн режимде өтпек. 2-ші кезең, яғни үйлерді аралап, жеке деректерді планшетке енгізу ісі қазанның 1-і күні басталмақ.

Дана Ешкенова