Спорт

“Qulager” ХК “Temirtau” командасын тізе бүктірді

“Qulager” хоккей клубы “Temirtau” командасын тізе бүктірді. Қонақта өткен алғашқы ойында жерлестеріміз 2 де 3 есебімен басым түсті. Бұл бәсекеде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Ал, екінші матчта теріскейлік имектаяқшылар айдын иелерінің қақпасына жауапсыз 4 шайбы соқты. Жергілікті құрама сапынан Кирилл Власов пен Александр Ильин көзге түсті. Ал Иван Казаченко дубль авторы атанды. Енді солтүсткқазақстандық команда қазанның 1-і мен 2-сі күндері Петропавлда елордалық “Snezhnie barsy” ұжымын қабылдайды.

Алдияр Айтпаев