МТРА жаңалықтары

СҚО мен ЕАЭО елдерінің сауда-саттығы артуда

СҚ облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда-саттығы артуда. Қаңтар мен шілде аралығында көрсеткіш 278 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде импорттың үлесі басым, яғни – 232 млн доллар. Экспорт әзірге тек 46 млн-ның деңгейінде. Теріскейдің Ресей Федерациясымен алыс-берісі 97 пайызбен әдеттегідей көш басында тұр. Қалған 3 пайыз Беларусь пен көршілес Қырғызстан елдерінің еншісінде.

Эльмира Садвокасова