Қоғам

Әр солтүстікқазақстандық айына 76 мың 300 теңге жұмсайды

76 мың 300 теңге. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында әр солтүстікқазақстандық орташа есеппен дәл осынша сомаға шығындалған. Бұл 2020-ның сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23,6 пайызға көп екен. Қаражаттың жартысына жуығын жерлестеріміз азық-түлікке жұмсапты. Оның ішінде ай сайын 10 мың теңге ет пен шұжыққа бөлінген. Нан мен макарон өнімдеріне бағытталған қаржы әр адам басына шаққанда 6 мың теңгені құрады. Кірістің үштен бірін теріскейліктер – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ал 21 пайызын азық-түлік емес тауарлар үшін төлеген. Айта кету қажет, қала тұрғындары ауылдағы ағайынмен салыстырғанда ай сайын 1,7 есеге көп шығындалады.

Эльмира Садвокасова