Спорт

“Qyzyljar” ФК сырт алаңда есе жіберді

Петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы сырт алаңда есе жіберді! Кеше жергілікті ұжым Қазақстан премьер лигасының 21-ші тур аясында алматылық “Kairat”-пен күш сынасқан болатын. Алатау баурайында өткен ойын 1 де 0 есебімен аяқталды. Бұл матчтағы жалғыз голды 77-ші минутта Артур Шушеначев соқты.

Солтүстікқазақстандық аяқ доп шеберлері ұтылғанымен, турнирлік кестедегі 4-ші орынды сақтап қалды. Бүгінде қоржында 32 ұпай бар. Жерлестеріміздің келесі қарсыласы – қостанайдық “Tobol”. Қос команда 22-ші қыркүйек күні Қазақстан кубогы аясында кезекті мәрте ойын өткізеді. Естеріңізде болар, Петропавлдағы алғашқы кездесуде 0 де 1 есебімен көршілеріміздің асығы алшысынан түскен болатын.

Байболат Култанов