Спорт

“Ақ бидай” жазғы спорттық ойындары өз мәресіне жетті

Бүгін “Ақ бидай” жазғы спорттық ойындары өз мәресіне жетті. Марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дүбірлі додада Қызылжар ауданының спортшылары жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды. 2-ші орын Мағжан Жұмабаев ауданына бұйырды. Үздік үштікті тайыншалықтар түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Алдияр Айтпаев