Спорт

Теріскейлік палуан Аманғали Бекболатов халықаралық жарыста топ жарды

11-12-ші қыркүйек аралығында Ресейдің Новосібір қаласында грек-рим күресінен халықаралық жарыс өтті.Дүбірлі додада 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Аманғали Бекболатов топ жарды. Финалда палуан Ресей құрамасының спортшысын тізе бүктірді. Осы орайда қазақ күресінен де тың жаңалығымыз бар. Ұлттық спортымыздан Румынияда Әлем кубогы өтті. Бұл жарыста да теріскейлік саңлақ топ жарды. 100 келі салмақ дәрежесінде Мұхит Тұрсынов жеңімпаз атанды.

Алдияр Айтпаев