Ауыл шаруашылығы

Орақ науқаны қыза түсті

Өңірде орақ науқаны қыза түсті. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандары берген ақпарға сүйенсек, жергілікті диқандар бүгінгі күнге дейін
дәнді дақылдар өсірілген аумақтың 83 пайызындағы істі аяқтапты. 3 млн 600 мың тоннадан астам алтын дән қамбаға жеткізілген. Орташа гектар берекелігі 14,5 центнерді құрайды. Майлы дақылдар жайлы да баяндайық. Өлкемізде 122 мың гектардағы майлы өнім бастырылған. Түсім – 5,5 центнер.

Маржан Касымбек