Спорт

Евгений Павлов WBA International белбеуінің иегері атанды

Евгений Павлов WBA International белбеуінің иегері атанды. Кәсіпқой боксшы күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында ганалық Айзек Сэкимен жұдырықтасты. Кездесу 10 раундқа жоспарланған болатын. Жерлесіміздің қарсыласы тәжірибесі мол былғары қолғап шебері болғанымен, ұзаққа шыдамады. Евгений Павлов оны нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті 4-ші раундта-ақ аяқтады. Бұл – Петропавлдық боксшының кәсіпқой рингтегі осымен 5-ші жеңісі.

Эльмира Садвокасова