Қоғам

Өңірде инфляция мөлшері 5,6% құрады

Соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында инфляция мөлшері 5,6 пайызды құрады. Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, аймақтағы азық-түлік тауарларының бағасы 7,41 пайызға көтерілген. Мәселен, нан – 11,4, жармалар – 9,3, ал көкөніс 14,3 пайызға қымбаттаған. Газ бен электроэнергия тарифінде де өсім байқалады.

Бердимурат Баймухан