Денсаулық сақтау

СҚО коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа өтті

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа өтті. Эпидемиологтардың берген мәліметіне сүйенсек, соңғы тәулікте облысымызда 74 адам инфекция жұқтырыпты. Ал, 120 науқас дерттен айыққан.

Елдегі епидахуалға тоқталар болсақ, бүгінде Қазақстанда 93 мың адам ем қабылдап жатыр екен. 1,5 мың азаматтың жағдайы ауыр деп бағалануда. Олардың 201-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Коронавирустың таралуы бойынша Жамбыл, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр. Түркістан облысы ғана «жасыл» статуста. Қалғандарының бәрі «қызыл»-ға енгізілген. Мамандардың сөзінше елде вирус жұқтырғандардың саны азайып келеді.

Бердимурат Баймухан