Қоғам

Облысымызда 7400 адам онлайн санақтан өтті

Өткен аптада елімізде халық санағының 2-ші кезеңі бастау алды. Қазіргі күні солтүстікқазақстандықтар электронды түрде анкета толтырып, отбасы мүшелері жайлы ақпаратты онлайн тіркеуде. Бүгінге дейін 7400 жерлесіміз санақтан өткен. Шаруа 3 платформада жүзеге асырылады. Біріншісі – sanaq.gov.kz сайты және egov.kz электронды үкімет порталы мен Aitu мобильдік қосымшасы. Алғашқы екеуі арқылы 7300-ден аса адам сауалнамадан өтіпті.

Бердимурат Баймухан