Жыл басынан бері облыста 477 өрт оқиғасы орын алған. Тілсіз жау 36 жанның өмірін қиды. Тағы, 35 адам түрлі дене жарақатын алды. Қызыл жалын келтірген материалдық шығын 188 млн теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, оқыс оқиғалардың 70% жеке секторда болған. Соңғы жайт дүйсенбі күні Ғабит Мүсірепов ауданында тіркелді. Мұндағы Новоишимское елді-мекенінің тұрғыны электр сымдарының үстіне шөп үйген екен. Осыдан өрт шығып, 15 тонна мал азығы толық жанып кеткен.
Санат Мұқашев, Ғ.Мүсірепов ауданы бойынша ТЖБ бастығы:
– Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл өрт фактілерінің жиілей түскенін байқаймыз. Көбінесе қызыл жалын тұрғындардың салғырттығы салдарынан бас көтерген. Материалдық шығын көлемі 25 миллион теңгеге жуықтайды.
Алдияр Айтпаев