Спорт

Смирноводағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені қыркүйекте тапсырылады

Елді мекен тұрғындары қысы-жазы спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанбақ! Аққайың ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Смирново ауылындағы құрылыс жұмысына «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 514 млн теңге бөлінген. Істі жергілікті мердігер атқаруда. 20-дан астам маман бүгінгі күнге дейін маңызды шаруаның 90 пайызын аяқтапты. Ендігі міндет – қабырғаларды сырлау, еденді ламинаттау және ғимаратты қажетті құрал-жабдықтармен қамту. Әлеуметтік маңызы бар нысан алдағы қыркүйек айында қолданысқа тапсырылмақ.

Маржан Касымбек