Қоғам

Қызықты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды

Конституция – Петропавлдың қақ ортасында орналасқан әрі адам көп жүретін көше. Сондықтан, облыстық әділет департаментінің мамандары осында келіп, сұрақ-жауап ойынын өткізуде.

Сұрақтар өте қарапайым. Қойылған сауалдарға тұрғындардың барлығы оп-оңай жауап берді. Сынақтан сәтті өткендерге деп тосын сый да әзірленіпті. Ұйымдастырушылар әр қатысушыға тәтті шоколад пен қалам сыйлап, қуанышқа бөледі.

Гүлнұр Тұнғатова, СҚО әділет департаментінің бас маманы:

– Қала тұрғындары Ата заңымыз жайлы деректерді біледі. Қай күні мерекеленеді? Қандай символ бар? деген сұрақтарға еш қиындықсыз жауап берді. 00:46 30-шы тамыз – біз үшін өте маңызды күн.

Әділет департаментінің мамандары мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар 30-шы тамызға дейін петропавлдықтар мен қала қонақтары арасында тағы бірнеше іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.