Спорт

Ел қоржынындағы алғашқы алтын

Ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Токиода өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Давид Дегтярев есімді отандасымыз 1-ші орынды иеленді. Қазақстандық спортшы пауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Ол кеудесінен 172 киллограмм штанганы итеріп, қарсыластарының арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Айта кететін маңызды жайт, Давид Дегтярев алғашқы тапсырыстың өзінде де 170 келі салмақты еңсеріп қарсыластарынан басым түскен болатын.

Бердимурат Баймухан