МТРА жаңалықтары

Орақ науқанына қажетті техниканы ұрламақ болған

Орақ науқанына қажетті техниканы ұрламақ болған. Аталған факті Есіл ауданына қарасты Явленка ауылындағы серіктестіктердің бірінде орын алды. Түнде кәсіпорынның күзетшісі автокөлігімен келіп, өзі жұмыс істейтін ұйымдағы қосалқы бөлшектерді машинасына салып қойған екен. Мұны елді мекен ішін аралап жүрген учаскелік полиция байқап қалады. Кейін, тәртіп сақшысы машинаны барып тексереді. Осы уақытта оның жүк салғышынан түрлі темір табақшалар, рамалар мен тұқым себуге арналған техниканың катоктары шығады. 56 жастағы ер адам сол түні қолды қылған заттарын металл қабылдау орнына өткізгісі келіпті. Қазіргі күні ұрланған заттар тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.

Бердимурат Баймухан