Аққайың ауданында сүт-тауарлық ферма салынуда

Аптадағы маңызды жаңалықтар

22:37 24 Тамыз 2021

Су жаңа сүт-тауарлық ферма дәл осы жерде бой көтермек. 20 гектар аумақта қазір жұмыс қызған. Техника тізгіндеген мамандар учаскеге тас пен топырақ төсеп жатыр. Бұл шаруа шамамен 3 күнде аяқталмақ. Одан кейін болашақ нысанның іргетасы қаланатын болады.

Бейбіт Сағынаев, «DASA building» ЖШС басшысы:

– 2-3 күнде бетон құямыз. Жылдың соңына дейін 3 блокты әзірлейміз. Жұмысқа кіріскенімізге 1 ай болды. 18 адам қызмет етуде.

Бұл – Қиялы ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан ең ауқымды жоба. 630 төрт аяқтыға шақталған заманауи нысан 5 бөліктен тұрмақ. Үшеуі ірі қара малға арналған. Төртіншісі – сауын залы. Кіші блокта бір мезетте 30 сиыр сауылмақ. Ол үшін келесі жылы соңғы үлгідегі франциялық қондырғы орнатылмақ. Ал, ең соңғысында бұзаулар бағылатын болады.

Серғазы Қарымсақов, «Гагарино» ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

– Күніне әр бастан 25 литр сүт аламыз деп отырмыз. Осылайша тәулігіне 15 мың тонна болады деген ниеттенеміз. Бұл мал далаға шықпайды. Оларды азықтандыру үшін 2,5 гектар жер керек. Мұнша жер өзімде бар.

Сауылған сүт облыс орталығындағы серіктестіктердің біріне тапсырылмақ. Ал, сиырлар Германиядан арнайы тапсырыспен сатып алынатын болады. Шетелден білікті мамандар да тартылмақ. Олар жұмыс істеуге ниет білдірген жергілікті тұрғындарға істің қыр-сырын үйретпек. Жастарға да мүмкіндік жасалады. Мұнда колледждер мен университет студенттері үшін тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Іс-шараларда көзге түскен қыз-жігіттер өндіріс көлемін арттыруды көздеген агроқұрылымға жұмысқа шақырылмақ.

Серғазы Қарымсақов, «Гагарино» ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

– Құрылысқа 3 млрд 500 млн ақша керек. Құрылысты өз ақшамызға бастадық. 15 пайызын өзіміз төлейміз. Қалғанына үкімет көмектеседі.

Аққайың ауданына қарасты Қиялы елді мекеніндегі ірі сүт-тауарлық ферманың құрылысын келесі жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр. Өндіріс ошағы іске қосылысымен 30-дан астам солтүстікқазақстандық екі қолға бір күрекпен қамтылмақ.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен СҚО-ға келді
Жетекші ғалымдардың жалақысы артады
СҚО-да 5 ауыл колледжіне 1,4 млрд теңге бағытталды
“Жас азамат” және “Жұмағали Тілеулин” кітаптары жарық көрді
Солтүстікқазақстандық аграрий гектарынан 27 центнер рапс жинауда
Облыс ардагерлерінің VIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті
Облыстық әкімдік отырысы өтті
Петропавл электротехникалық зауыты алғашқы өнімін қазан айында шығарады
Ұстаздар тамыз кеңесінде бас қосты
Денсаулық сақтау саласы өкілдері Жолдауға үн қосты
Ел Президенті қазақстандықтарға арналған Жолдауын жариялады
Өңір активі Президент Жолдауын талқылады