Спорт

“Qyzyljar” ФК жеңіліс тапты

“Qyzyljar” футбол клубы қостанайлық “Tobol”-дан ұтылды! Қазақстан кубогы аясында “Қарасай” стадионында өткен алғашқы матч 0-де 1 есебімен аяқталды. ұл кездесуде жерлестеріміз азулы ұжымға лайықты қарсылық танытты. Қайта-қайта шабуылдап, қонақтарды әбігерге салды. Бірақ, ойлағандары жүзеге аспады. Қостанайлықтар сапынан Игорь Сергеев көзге түсті. Сұрмерген шабуылшы 36-шы минутта Мирослав Лобанцевті қапы қалдырды. Қос команда арасындағы қарымта ойын қыркүйек айының 22-ші жұлдызына жоспарланған. Ал, петропавлдықтардың ендігі қарсыласы – шымкенттік “Ordabasy”. Қазақстан чемпионаты аясындағы матч тамыздың 26-і күні сырт алаңда ұйымдастырылмақ. Егер кейінге қалдырылған бұл бәсекеде теріскейліктер жеңіске жетсе, турнирлік кестеде 4-ші орынға көтеріледі.

Байболат Култанов