Үйде өздігінен емделмей, ауруханаға жүгіну керек. Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды / коронавирустың симптомдары байқалған жағдайда бірден дәрігерге қаралуға шақырды.
Бүгінде Түркістан облысынан басқа өңірлердің барлығы – қызыл аймақта. Эпидемиологиялық жағдай дельта-штаммның тарауымен және тұрғындардың дер кезінде медициналық көмекке жүгінбейтіндігі салдарынан ушыққан. Қарапайым ережелерді ұстансақ, жүздеген адамның өмірін құтқарып қалуға болады дейді Алексей Цой.
Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:
-Статистика көрсеткендей, кейбір отандастарымыз үйде оқшаулану ережелерін сақтамайды. Халық көп жиналатын нысандарға барып, ел аралайды. Осылайша өзге адамдардың өміріне қауіп төндіруде. Тұрғындарды азаматтық жауапкершілік танытып, коронавирусқа тосқауыл болуға өз үлестерін қосуға шақырамын.
Эльмира Садвокасова