Интернет арқылы жоқ шөпті сатқан! Жақында Мамлют ауданының тұрғыны мал азығын сатып аламын деп сан соғып қалды. Нәзікжанды OLX қосымшасы арқылы бірнеше бума шөпке тапсырыс берген. Тауардың құны 58 мың теңгеге бағаланыпты. Аталған сомма көрсетілген шотқа аударылған екен. Алайда, сатушы уәделескен шөпті жеткізуге мүлде асықпаған.
Кейіннен қоңырауға да жауап бермей қойған. Мұндай айлакерлікке барған пысықай Қостанай облысында ұсталды. Ол – 21 жастағы Рудный қаласының тұрғыны. Тергеп-тексеру барысында оның тағы осындай 2 іске қатысы бары анықталды. Бұған дейін рудныйлық қос петропавлдық пен Қызылжар ауданының тұрғынын алдап соғыпты. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары халықты аса мұқият болуға шақырады.
Алдияр Айтпаев