Өңірімізде “Балалар профилактикасы және бақылау” акциясы жалғасуда. Бұл іс-шараға 80-нен астам учаскелік инспектор мен ювеналдық полицей жұмылдырылған. Олар тұрмысы төмен және есепте тұрған отбасыларды аралап, үй аулаларындағы ойын балаларымен әңгіме жүргізуде.
14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер де назардан тыс қалмайды. Себебі, бұл санаттағы жастар келеңсіз жағдайларға көп тап болып жатады. Мысалы, ата-анамен ұрсысу, үйден кетіп қалу, төбелесу сияқты жайттар орын алады. Бұның салдарынан үлкен проблема туындауы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшылары тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Баян Байғаскина, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:
– Кәмелетке толмаған баларға қатысты қылмыстардың алдын алу, сонымен қатар қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында облыс аумағында тамыздың 5-і мен 13-і аралғында «Профилактика және балаларды бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Сауықтыру лагерьлерінде, үй-үйлерде, мектеп алды алаңдарында балалармен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оларға арнайы дайындалған жаднама қағаздары ұсынылады.
Жалпы, “Балалар профилактикасы және бақылау” акциясы барысында облыс полицейлері тұрғылықты мекенжайлары бойынша 378 тұрмысы төмен отбасыны немесе 2170-тен астам есепте тұрған адамды тексерді. Нәтижесінде 24 бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, 50 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алдияр Айтпаев