МТРА жаңалықтары

Петропавлда жылжымайтын мүлікті тегін бағалайтын онлайн қызмет іске қосылды

Бұдан былай пәтердің нарықтағы бағасын онлайн әрі жылдам анықтауға болады. Жаңа қызмет түрі еліміздің 10 қаласында қол жетімді. Оның ішіне Петропавл да кіреді. Баспананы онлайн бағалаудың бірнеше артықшылықтары бар. Енді сіз риелторлардың көмегіне жүгінбейсіз. Іс тегін жүзеге асырылады. Тегін бағалау кезінде үйдің орналасқан жері мен салынған жылынан бастап, жиһаздың бар-жоғына дейін ескеріледі. Кейін жасанды интеллект оны басқа да пәтерлермен салыстырып, баспананың нақты құнын шығарады.

Бердимурат Баймухан