Өндірісті облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмысқа қосты.
Өнім «ТетраПак» деп аталатын швециялық қондырғының көмегімен әзірленетін болады. Заман игілігі солтүстікқазақстандықтар үшін таңсық емес. Кәсіпорын техниканы екінші рет сатып алуда. Жұмыстың барлығы автоманттандырылған. Мамандар техниканы тек басқарып отырса болғаны.
«ТетраПак» құрылғысы ультра пастерленген сүттің тәулігіне 200 тоннасын әзірлеуге қауқарлы. Сондай-ақ терамикалық өңдеуден өткен қаймақтың да 200 тоннасын дайындайды. Осылайша, «Масло-Дел» өндіріс көлемін 510 тоннаға дейін өсіріп отыр. Сонда бір жылда 80 мың тонна тауар шығарылмақ.
Павел Селиванов, «Масло-Дел» ЖШС бас директоры:
– Өндіріс кезінде сүт құрамындағы микробилогияның көзі жойылады. Осылайша, тауардың сақталу мерзімін ұзартуға болады. Мәселен, қаймақ 4 айға дейін жарамды болса, ақты жарты жыл сақтауға болады. Ең бастысы біз әзірлейтін өнімнің адам ағзағасына берер пайдасы мол.
Өндіріс көлемі өскен сайын жұмыс күшіне де қажеттілік артатыны анық. Серіктестік иесі 85 солтүстікқазақстандықты жұмыспен қамтыған екен. Жалпы, қондырғыны сатып алып іске қосуға шамамен 3 млрд теңге жұмсалыпты.
Кәсіпорын болашақта да өндіріс қуатын артыруды көздеп отыр. Ол үшін келесі жылы “ТетраПак”-тың тағы біреуін алдырпақшы.
Павел Селиванов, генеральный директор ТОО «Маслодел»:
– 760 тонн получается в сутки. Такого в Казахстане нет. Сейчас мы входим в десятку лидеров СНГ, то он будет в тройке лидеров СНГ. Два комбината в России и мы будем на третьем месте.
Өңірде сүт өндірісіне ерекше қарқын беріліп жатыр дейді Құмар Ақсақалов. Биыл 16 сүт фермасы салынуда.
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Былтыр 600 мың тонна сүт өндірдік.Оның 53 жарым пайызы қайта өңдеуге жіберілді. 5 жыл бұрын 34 пайыз ғана қайта өңделетін. Өсім 20 проценттен асады.
Алғашқы он сүт фермасы жыл соңына дейін қолданысқа тапсырылады деп жоспарланып отыр.
Маржан Касымбек