12-тамыз – Халықаралық жастар күні

Балалар

22:17 12 Тамыз 2021

Бүгін орталық саябаққа шыққан қала тұрғындарын тосын сый күтіп тұрды. Мерекелік көңіл күй сыйлау үшін еріктілер тәттілер үлестіруде. Ал тұрғындар жастарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Барлық жастарға денсаулық және бастамаларына сәттілік тілеймін. Ел болашағына өз үлестерінді қоса беріңдер! Қазақстанымыз гүлдене берсін!

– Мереке құтты болсын! Жастардың армандары мен мақсаттары орындалсын. Сыйлықтарыңызға үлкен рақмет. Енді бұл мерекенің барын біліп жүретін боламын.

Елімізде жастар күні 22 жыл қатарынан аталып өтілуде. Бұл күнді кейінгі толқын асыға күтеді. Олар шектеу шаралары болмаса, жоспарларымыз ауқымды еді дейді.

Даяна Оспанова, “JE SKO штабы” ҚБ төрағасының орынбасары:

– Жыл сайын мереке қарсанында біз “Жастар – елдің болашағы” акциясын өткіземіз. Кейбір жерлестеріміз бұл мерекенің барын да білмейді. Сол себепті өңір еріктілері халықты құлағдар етіп, мерекелік көңіл күй сыйлайды.

Бүгін еріктілер 100-ге тарта жерлесімізге арнайы сыйлықтарын үлестірді.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлдық бүлдіршін республикалық сұлулық байқауында жеңіске жетті
Белсенді жастар екі жақты меморандумға қол қойды
Өңірде күзгі әскерге шақыру жүріп жатыр
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында тренинг өткізілді
Қалалық саябақта кітап көрмесі өтті