Спорт

Теріскейліктер топ жарды

Теріскейліктер топ жарды! Тамыздың 4-і мен 8-і аралығында Петропавлда президенттік көпсайыстан ел чемпионаты өтті. Додаға еліміздің 6 облысынан келген 80-ге тарта спортшы қатысып, бақ пен бап таластырды. Жарыс қорытындысы бойынша өңір құрамасы командалық есепте 1-ші орынға табан тіреді. Жекелей сында солтүстікқазақстандықтар 22 алтын, 15 күміс және 8 қола жүлдені қоржынға салды.

Алдияр Айтпаев